Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратты сенімгерлік басқаруға беру. Шарт жобасы және өтінім үлгісі қоса беріледі.
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1) өтінім;
2) жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
3) заңды тұлға басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);
5) Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы үш айдан ерте емес мерзімде берілген электрондық құжаттың немесе анықтаманың (мәліметтердің) көшірмесі;
4) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі не электрондық құжаттың қағаз түріндегі көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) үміткерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының әлеуетті қатысушының анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақыт бойы банк немесе банк филиалы алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы (әлеуетті қатысушы бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе олардың филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан ерте емес мерзімде берілуге тиіс;
6) өтінім берілгенге дейінгі 1 күнтізбелік жыл кезеңіндегі ағымдағы шот бойынша ақша қозғалысы туралы банктің немесе банк филиалының анықтамасы;
7) Бірінші кредиттік бюродан алынған несие есебі;
8) әлеуетті сенімгерлік басқарушының не әлеуетті сенімгерлік басқарушы басшысының активтерді басқару саласындағы жиынтығында 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар (шарттар, көрсетілген қызметтер актілері).
Инвесторға қойылатын талаптар
1) заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;
2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
3) банкроттық, тарату рәсімдерінің болмауы, сондай-ақ шоттарға және/немесе мүлікке сот тәртібімен тыйым салынбауы;
4) оң немесе таза кредиттік тарихының болуы (соңғы 2 жыл ішінде қолданыстағы кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы);
5) әлеуетті сенімгерлік басқарушының не әлеуетті сенімгерлік басқарушы басшысының активтерді басқару саласындағы жиынтығында 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесінің болуы.
Өтінім беру мерзімі мен тәсілі
Қоғамның ресми интернет-ресурсында (www.spkertis.kz) хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде өтінімді электрондық түрде info@spkertis.kz электрондық пошта мекенжайына жолдау арқылы.