Талаптар:
• Бизнес, менеджмент немесе құқық саласындағы жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім); осы салада кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі. Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі.
• Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмелері.
• Білім туралы құжаттар.
• Еңбек қызметін растайтын құжаттар.
• Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың болғаны немесе болмағаны туралы ақпарат.
Лауазымдық міндеттер:
Инвестициялық жобаларды іздестіру, қарау, құрылымдау, сүйемелдеу және мониторингтеу мәселелері бойынша Департамент қызметкерлерімен, Компанияның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, еншілес және үлестес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен, инвесторлармен, жоба бастамашыларымен және бизнес-серіктестермен өзара іс-қимыл жасайды.
Шығыс Қазақстан облысында іске асыру әлеуеті бар инвестициялық бастамалар мен жобаларды анықтайды, жинақтайды, оларға бастапқы талдау мен алдын ала бағалау жүргізеді; оларды іске асыруға Компанияның қатысуының орындылығы туралы ұсыныстар әзірлейді; тұжырымдамалық ұсыныстарды, алдын ала есептеулерді, талдамалық есептер мен алдын ала қорытындыларды, сондай-ақ инвестициялық қызметтің перспективалы бағыттары бойынша ұсыныстарды дайындайды.
Инвестициялық жобаларға қатысты құжаттар мен ақпаратты жинақтайды, жүйелейді және талдайды; Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жобалық досьелерді (инвестор/қарыз алушы досьелерін) қалыптастырады және жаңартып отырады.
Тиісті құрылымдық бөлімшелермен, Қаржы жөніндегі бас директордың орынбасарымен (CFO) және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысымен бірлесіп, инвестициялық жобаларды кешенді қарауға қатысады; ұсынылған бизнес-жоспарларды, инвестициялық ұсыныстар мен қаржылық модельдерді талдайды; оларды пысықтауға қатысады; жобаның экономикалық тиімділігін есептеуді (соның ішінде NPV, IRR, өтелу мерзімі және басқа да көрсеткіштерді) жүргізеді және тексереді; құқықтық, қаржылық-экономикалық, техникалық, коммерциялық және операциялық талдау нәтижелерін жинақтайды; Департаменттің құзыреті шегінде анықталған тәуекелдерді азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындайды. Компанияның Басқармасы, Директорлар кеңесі және Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия қарайтын инвестициялық жобаларға арналған материалдарды (инвестициялық бағалауларды, талдамалық шолуларды, презентацияларды, шешім жобаларын, инвестициялық ұсыныстарды, сондай-ақ әлеуетті инвесторларға, серіктестерге, қаржы институттары мен мемлекеттік органдарға арналған презентациялық материалдарды қоса алғанда) дайындайды және өкілеттіктер шегінде тапсырмалардың орындалуын қамта Инвесторлар мен жоба бастамашыларына мемлекеттік қолдау шаралары, ынталандыру шаралары мен жеңілдіктер, Компанияның қатысу рәсімдері және Компанияның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша ақпараттық, талдау және кеңес беру қолдауын көрсетеді.
Департаменттің құзыреті шегіндегі инвестициялық жобаларға қатысты шарттар, келісімдер, жол карталары, қаржылық-экономикалық модельдер және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге және бекітуге қатысады.
Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына (оның ішінде есептерді талдау және нысандарға бару арқылы) мониторинг жүргізеді; шарттық міндеттемелердің орындалуын, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілуін, сондай-ақ бөлінген қаражат пен активтердің тиісті түрде пайдаланылуын қадағалайды.
Мониторинг нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтар мен ауытқуларды жою, жобаны іске асыру мерзімдерін түзету, міндеттемелерді қайта құрылымдау, берешекті реттеу, сондай-ақ белгіленген тәртіппен талап-арыз беру және сот ісін жүргізуді бастау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Компанияның инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу және сүйемелдеу жөніндегі әдіснамасына және Компанияның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес өзіне бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру және сүйемелдеу үшін жеке жауапкершілік арқалайды.
Инвестициялық жобалардың тізілімі мен портфелін, оларды қарау және іске асыру мәртебесі туралы жазбаларды, жобалық досьелерді, есептілік нысандарын және Департаменттің ақпараттық материалдарын жүргізеді және жаңартып отырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың сауалдарын қарауға қатысады және Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жауап жобаларын әзірлейді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі құжаттарының талаптарын, сондай-ақ құпиялылық, ақпаратты қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі ережелерді сақтайды; жобаға қатысты құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма Төрағасының, жетекшілік ететін Басқарма Төрағасы орынбасарының және Департамент директорының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Білуі қажет:
Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңдарын; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжат айналымын ұйымдастыру және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын; ақпаратты шектеулі қолжетімділігі бар қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын; сондай-ақ кадрлық мәселелер мен іс жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін.
Тілдерді меңгеру деңгейі:
1) Мемлекеттік тіл – еркін/ана тілі деңгейінде.
2) Орыс тілі – еркін/ана тілі деңгейінде.
Шарттар:
Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес жұмысқа орналасу; әлеуметтік жеңілдіктер пакеті.
Жұмыс кестесі:
5/2 аптасы (дүйсенбі–жұма), сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.
Байланыс: info@spkertis.kz