Басты бет / Жаңалықтар / ШҚО: Несиелеуге агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобалар қабылдануда
Новости и статьи 11 тамыз, 2026

ШҚО: Несиелеуге агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобалар қабылдануда

«Ертіс» ӘКК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы аумағында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.


Бағдарламаны іске асыру шарттары

«Ертіс» ӘКК» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды несиелеу қағидалары шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін масштабтау жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында Сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады.

Жобалар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылады. Бағдарлама шеңберінде қарыз беру туралы шешімді Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия қабылдайды. Комиссияның жұмыс органы ретінде - «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды несиелеу бағдарламасының кезекті кезеңін іске асыру мақсатында 2026 жылғы            28 шілдеде Ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ертіс» ӘКК» АҚ арасында 4 000,0 млн теңге сомасына тапсырма шарты жасалды.


Негізгі шарттар және жобаларды іріктеу критерийлері

Несиенің негізгі шарттарымен және АӨК саласындағы жобаларды іріктеу критерийлерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://spkertis.kz/kz/memlekettik-bagdarlamalar/programma-po-lgotnomu-kreditovaniyu-v-sfere-apk

 

Құжаттарды ұсыну тәртібі

Несие алу үшін үміткерлер құжаттар топтамасын Сенім білдірілген өкілге (агентке) қағаз түрінде немесе Gosagro.kz порталы арқылы («АӨК-ті кредиттеу» модулі) электрондық түрде ұсынады. Құжаттар белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылуға тиіс. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

https://gosagro.kz/its_d_ga_loan_issuancedetails/704

 

Кеңес алу

Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша толық ақпарат пен кеңес алу «Ертіс» ӘКК» АҚ Инвестициялар департаменті мамандары арқылы жүзеге асырылады.

МекенжайымызӨскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1

Телефон: ☎ 8 (7232) 705-999