«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы №636 қаулысымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020»(бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді. 
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру (кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу) кәсіпкерлікті ынталандыруды және өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылды елді-мекендерді кешенді дамытуды қарастырады. 
Несиелеу шарттары:

  • республикалық бюджеттен шағын несие қамтамасыз ету, жеделдік, ақылы, қайтарымдылық және нысаналы пайдалану жағдайларында ұсынылады;
  • несиелеу мерзімі – 60 айға дейін;
  • несиенің максималды сомасы – 3 млн.теңге (жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысатын тұлғаларға, кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру ержелерімен қарастырылған жағдайлардан басқа);
  • негізгі қарызды өтеу бойынша  жеңілдікті кезең - 20 айдан артық емес.

2011 - 2013 жж. кезеңінде «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ жалпы сомасы 9 124,0 млн. теңгеге несие берілді.  
Несиелік серіктестіктердің саны  – 302 бірл.
Соңғы қарыз алушылардың саны  – 4021 адам.
Соңғы қарыз алушы үшін жылдық пайыздық сыйақы жарнасы:  2011 ж. – 5,15 %
2012 ж. – 5,15 %
2013 ж. – 7,0 % 
Салалар бойынша игеру төмендегідей:

  • ауыл шаруашылығы – 81,2 %
  • өңдеу өнеркәсібі – 2,8 %.
  • тұрғын-үй және ас қызметтері – 3,1 %.
  • құрылыс материалдарының өндірісі – 1 %.
  • азық-түлік қызметтері – 2,5 %.
  • өзге қызмет түрлерін ұсыну  – 9,7 %.

2014  жылы Бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін 3 млрд. теңге сомаға бюджеттік несие алынды.  
10 маусымда «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ  шағын қаржылық ұйымдарды таңдау бойынша конкурс жарияланды. ӘКК үшін пайыздық жарна – жылдық  4,27 %,  НС үшін – 5,27%,  соңғы қарыз алушы үшін – 6,5%.
Игеру мерзімі  – 01.10.2014 жылға дейін.

 

Изображение в тексте    Изображение в тексте    Изображение в тексте    Изображение в тексте