Жер қойнауын пайдалану

Табиғат Шығыс Қазақстан облысына әр түрлі пайдалы қазбаларды сыйға тартқан. Бұл өңірдің геологиялық тарихымен, жер қабатының терең құрылысымен, сонымен қатар ондағы,  оның құрамы мен үрдістеріне байланысты.

Біздің өңірдің басты байлығы – көп компонентті полиметалл кендері. Негізгі металдар: алтын, қорғасын, мырыш және мыс, ал ілестіруші күміс, сурьма, кадмий, молибден, висмут, таллий, индий, теллур, ниобий болып табылады.

 

Изображение в тексте Изображение в тексте Изображение в тексте Изображение в тексте Изображение в тексте Изображение в тексте Изображение в тексте

 

Жер қойнауын пайдалану саласы, инвесторлар енуге талпынатын, әрқашанда экономика секторының тартымды саласы болғаны белгілі, себебі бұл сектор салынған инвестицияларды, экономиканың өзге салаларына қарағанда тезірек қайтаруға мүмкіндік береді.

«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ негізгі бағыттарының бірі Шығыс Қазақстан облысы аумағында пайдалы қазбаларды барлау, өңдеу және қайта өңдеу болып табылады.

Ұлттық компания мәртебесіне ие бола отырып, «Ертіс» ӘКК «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес уәкілетті органмен тура келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасауы мүмкін. 
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларға кәсіпорынның жарғылық капиталына жер қойнауын пайдалану құқығын енгізу жолымен қатысады. Жобаны барлық қаржыландыру әріптес есебінен жүзеге асырылады. ӘКК Құзіретті органмен жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасауға 48 нысан бойынша тура келіссөздер жүргізді. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 35 млрд. теңгені құрайды, ал өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымына аударымдар сомасы (әлеуметтік аударулар) – келісім-шарттар әрекет ететін кезеңге жыл сайын 736 млн. теңгені құрайды.

14 келісім-шарт жасалды, инвестиция сомасы 9,6 млрд. теңге, келісім-шарттардың әрекет ету кезеңіне жыл сайынғы әлеум. аударулар – 194,7 млн теңге.  
2012 жылы 3 келісім-шарт жасалды – инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңге, келісім-шарттардың әрекет ету кезеңіне әл. аударулар 39,6 млн. теңге.

2013 жылы 11 келісім-шартқа қол қойылды – инвестиция сомасы – 8,1 млрд. теңге, келісім-шарттардың әрекет ету кезеңіне әл. аударулар 155,1  млн. теңге.

2014 жылы жалпы сомасы 16,6 млрд. теңгеге 14 келісім-шартқа қол қою жоспарлануда.

47 нысан бойынша жобалар (инвестиция сомасы 26 млрд. теңге) жаңа пайдалы қазбалар кен орындарын барлауға, яғни Шығыс Қазақстан облысының азайып бара жатқан қорын толықтыруға бағытталған.

Бұл нысандардың әрқайсысы бойынша нақты әріптес бар, оның ішінде шетел компаниялары мен инвесторлары бар: «Рио Тинто» компаниясы,  OrsuMetalsCorporation, HAMBLEDON MINING СOMPANY LIMITED.

.

 

Изображение в тексте

 

Шығыс Қазақстан облысындағы пайдалы қазбалар кен орындарын бірлесіп өндіру үшін әлеуетті инвесторларды шақырамыз!