"Жайлау"бағдарламасы

Елбасының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» жолдауын іске асыру бойынша Үкіметтің іс-әрекет жоспарын іске асыру аясында «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының «Жайлау» мал шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын әзірледі және іске асыруды бастады. 
Аталған Бағдарлама өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға және ұсақ мал басын өсіру және іске асыру үшін ауыл тұрғындарына саулық қойды ұсыну жолымен жергілікті тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарламамен ауыл тұрғындарына ҰМБ өсіру үшін 100 бас көлемінде саулық қойды жалға ұсыну қарастырылған. 
2009-2013 жылдар кезеңінде – 547,66 млн. теңге игерілген, оның ішінде:
2009 ж. – 44,8 млн. теңге; 
2012 ж. – 200,0 млн.теңге
2013 ж. – 302,86 млн.теңге
Қатысушылардың саны  – 205 адам, оның ішінде:
2009 ж. – 45 адам
2012 ж. – 80 адам
2013 ж. – 121 адам 
Ұсынылған ҰМБ саны – 24 600 бас, оның ішінде:
2009 ж. – 4500 бас
2012 ж. – 8000 бас
2013 ж. – 12 100 бас

 

Изображение в тексте    Изображение в тексте    Изображение в тексте    Изображение в тексте