23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында Саксония федералды жері делегациясының сапары өтті

03 қараша 2014

Делегацияны Д-р Манфред Либль, Саксония экономикасына қолдау көрсету департаментінің өкілі басқарды.  Делегация құрамында облысты металл өңдеу және машиналар мен құрал-жабдықтар  өндірісі,  Germany Trade and Invest, Heckert GmbH, Grötschel Gmbh, ESA Electroschaltanlagen Grimma GmbH, Höft GmbH, KUBB GmbH, NILES-SIMMONS GmbH  электротехникалық өнімдері мен өзге ірі саксония компаниясының өкілдері  келді.

Делегация сапары аясында 23 қазанда ШҚО әкімінің орынбасары  Н.Ә. Шерубаевтің төрағалығымен «Өнеркәсіпті жаңғырту, әсіресе метал өңдеу кәсіпорындары үшін инновациялық өндірістік технологиялар» тақырыбында технологиялық  форум өтті. Форумда жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қауымдастық, соның ішінде  «Азия Авто Казахстан» АҚ, «Өскемен  Конденсаторлық  Зауыты», «Техстройновация» ЖШС өкілдері және өзгелері қатысты. 
Форум барысында саксония тарапымен «Өзіңе Саксонияны аш» атты фильмнің тұсаукесері, сонымен қатар өңірдің өнеркәсібі мен экономикасының ірі тұстары  ұсынылды. Өз кезегінде ШҚО әкімінің орынбасары Н.А. Шерубаев Шығыс Қазақстан облысына инвестиция жасау үшін мүмкіндіктермен таныстырды. Корпорация қызметінің бағыттары мен саксония компанияларымен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы М.Қ. Сапарғалиев баяндама оқыды. 
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін ынтымақтастық пен  B2B кездесулер  өткізу мүмкіндіктерін түбегейлі талқылау үшін екі секция бойынша жұмыстар жүргізілді.

Форум аяқталғаннан кейін Саксония делегациясы қаланың бірқатар кәсіпорындары мен Өскемен қ. индустриялық аймағын аралады.