2014 жылғы 30 қыркүйекте ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Е. Хаиров Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қ. жұмыс сапарымен келді.

30 қыркүйек 2014

Жұмыс сапары барысында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Ш.С. Бұқтұғұтовтың төрағалығымен Инвестиция және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасы Е.К. Хаировтың, «НАЭИ «KAZNEX INVEST» АҚ өңірлік ынтымақтастық бойынша басқарушы директоры  Н.Ж. Сейтмағамбетовтың, ШҚО әкімдігі өкілдерінің, «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ инвесторларға қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің, сонымен қатар өңірдің бизнес-қауымдастығының қатысуы арқылы дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыста ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Е.К. Хаиров және  «KAZNEX INVEST» АҚ басқарушы директоры Н.Ж. Сейтмағамбетов инвестициялық белсенділікті жандандыруға бағытталған ҚР заңнамасындағы қабылданған өзгерістер туралы түсініктемелер ұсынды, сонымен қатар қолданыстағы инвесторлардың шешімін таппай отырған мәселелері талқыланды.
Шетелдік қатысу арқылы өңір кәсіпорындары шақырылған қонақтарға шешімін таппай отырған мәселелерін қойып, инвестор сауалнамасын толтыра алды. Нәтижесінде барлық сауалнамалар инвестициялық омбудсменге қарастыру және инвесторлардың мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға жолданды. 
Іс-шаралар барысында инвесторларға қызмет көрсету орталығының бастығы А.А. Закирьянова орталықтың қызметі және міндеттері туралы баяндама жасады. 
Қосымша аталған дөңгелек үстелде  «CLOUD Service» ЖШС Келісімшарттық Агенттігінің қызметкерлерімен мұнайгаз компанияларының сатып алулары және қазақстандық бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды. 
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін делегация қаланың бірқатар ірі өнеркәсіптік  кәсіпорындарын аралады: «Өскемен өнеркәсіптік арматура» АҚ; «Өскемен технологиялық зауыты» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ. 
Тұсаукесер материалдары қосымша ұсынылған.

ҚР бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары
Жергілікті қамту мәселелері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптары
 «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ Инвесторларға қызмет көрсету орталығының қызметі туралы тұсаукесер
«Инвестициялық ынталар мен субсидиялар» жадынамасы