2014 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының делегациясы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаевтің басшылығымен Штирия жерінің әкімшілік орталығы – Грац қаласына (Австрия) жұмыс сапарымен болып қайтты.

02 қазан 2014

Қазақстандық делегация облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Б. Көшербаев, «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ М.Қ. Сапарғалиев, Семей қ. әкімінің орынбасары    С.Р. Нұртазаев, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары А.С. Мұқанованың құрамында Австрия Федералды Экономикалық палатасы басшылығымен және Штирия Үкіметінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Өткізілген сапардың басты мақсаты ШҚО өнеркәсіптік, көлік, өңдеу, агроөнеркәсіптік салалардағы, сонымен қатар екі аймақ арасындағы ықтимал салалардағы өзара қызмет болып табылды. 
Кездесу нәттижелері бойынша Штирия делегациясы Шығыс Қазақстан облысын 2015 жылы ынтымақтастықтың басымды бағыттарын одан әрі талқылау мақсатында келетіні жайлы келісімге қол жеткізілді.