2014 ж. 9 қазанда Өскемен қ. «Алматы қ. және ШҚО бизнес-ынтымақтастығының болашағы» бизнес-форумы өткізілді

10 қазан 2014

Алматы делегациясының құрамында Өскемен қаласына әр салада қызмет атқаратын, 300 адам келді: қала басшылығы, медициналық қызметкерлер, педагогтар, бизнесмендер, ғалымдар.

Бизнес-форум аясында Алтай технопаркінде өнеркәсіптің түрлі саласындағы 20 алматылық кәсіпорынның шамамен 20 өнімдері мен қызметтерінің көрмесі өтті. Көрмеге келушілер компания қызметімен танысып қана қоймай, ұнаған өнімін сатып алу мүмкіндігі болды. 
Пленарлық мәжілістің ашылуында Алматы қ. делегациясының атына құттықтау сөзбен ШҚО Бердібек Машбекұлы Сапарбаев сөз сөйледі. Өз кезегінде, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімов қабылдауды ұйымдастыруда облыс басшылығына алғысын білдірді және одан әрі өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға ниет білдіретінін сөз етті. 
Дөңгелек үстел барысында ШҚО мен Алматы қ. мемлекеттік және бизнес-құрылым өкілдері сөйледі: «Алматы қ. даму орталығы» АҚ Басқарма төрағасы  М.М. Сартбаев, «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы М.Қ. Сапарғалиев, ШҚО кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары  О.А. Желякова, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС бас директоры Х.Б. Қожабаев, «КазЛегПром-Алматы» ЖШС коммерциялық директоры Д.К. Каражанова,       «АГРО» Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қауымдастығы Президенті Ж.Н. Манақов, «Белкамит»  ЖШС коммерциялық директоры  Ю.Д. Дорогов, «КазРосПромАрматура Өскемен зауыты» ЖШС директоры  З.В.Новолодская. 
Өз баяндамасында «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиев Корпорацияның әріптестермен жұмысының жалпы механизмін ұсынды. ШҚО индустриялық аймақтары туралы, қолданыстағы инфрақұрылымы, қолданыстағы және іске асыруға жоспарланған өндіріс, сонымен қатар ықтимал әріптестермен ынтымақтастық туралы сипаттама беру арқылы толығырақ ақпарат ұсынылды . 
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін ШҚО мен Алматы қ. мемлекеттік органдары мен кәсіпорындары өкілдері арасында 9 меморандум мен келісімдерге қол қойылды. 
Қортынды сөзінде Алматы қ. әкімі Ұлан, Зырян және Тарбағатай аудандары әкімдеріне Алматы қ. өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде белсенді қатысқаны үшін алғыс хат жариялады. 
ШҚО сапары қортындысы бойынша Алматы қ. делегациясы                                        Өскемен қ., Алматы көшесінде орналастырылған  ынтымақтастық және байланыстарды нығайту нышаны болып табылатын - «Гранит алма» ескерткішін  сыйға тартты.