Компания туралы

Біз Сіздерді «Ертiс» әлеуметтiк - кәсiпкерлiк корпорациясы»  ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ресми сайтында көруге қуаныштымыз!

Бұл жерден Сіздер, біздің Корпорация қызметінің бағыттары мен  ұсынылатын қолдау туралы ақпарат  алып, Сіздерді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.

Қазір Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділік артуда. Мемлекеттік-жеке әріптестік тиімді екенін көрсетті, сондықтан бизнес субъектілері көбею үстінде. Бұл экономиканың барлық саласын,  бірінші кезекте  ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсiбі саласын дамытуға мүмкiндiк туғызуда. 
Инновациялық технологиялар мен халықаралық стандарттар енгізілуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Яғни, облыс тұрғындарының әл-ауқаты өсуде.
Инвестиция тарту және кәсiпкерлiктi дамыту – жалпы ұлттық ауқымды мiндет. Мемлекет өзінің даму иституттары арқылы бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуде. Кәсіпкерлікті бастаған және қолданыстағы кәсiпкерлерге инновациялық гранттар, жер учаскелерiн ұсынуда, серiктестер табуға, құжаттарды рәсiмдеуге қолдау көрсетуде.
Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі  жеке және мемлекеттiк сектор мүмкіндіктерін біріктіру экономиканың тиiмдi дамуына жұмыс iстейтінін көрсетті. Бүгiнгі күні  «Ертiс» ӘКК – аймақтағы мұндай әрiптестiктi дамытудың негізгі құралдардың бірі.  
Бiз ынтымақтастық үшiн әрқашан жұмыс істеуге және Сiздердiң бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз!

Құрметпен, «Ертiс» ӘКК» ҰК» АҚ