Инвесторларға қызмет көрсету орталығы

 

Инвесторларға қызмет көрсету орталығы – инвестициялық жобалардың, инвесторлар мен мемлекеттік қолдау құралдарының бірыңғай интеграторы.

ИҚКО қызметінің негізгі мақсаты – өңірге инвестициялар тарту.

Изображение в тексте

Орталықтың қызметтеріне:

  • Сіздің жобаларыңыз үшін шетелдік  және отандық инвесторларды іздеу;
  • Өңірлік деңгейде мемлекеттік құралдарды іске асыруға қолдау көрсету;
  • Өңірдің басымды және қолданыстағы инвестициялық жобалары бойынша мәліметтер базасын қалыптастыру және жүргізу;
  • Облыс аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі;
  • Инвесторлар және мемлекет, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында өкілдік алаңды құру;
  • Өңірлік деңгейде инвесторлардың шешімін таппай отырған мәселелерін шешуге қатысу;
  • Инвесторлардың мемлекеттік органдармен, даму институттарымен келіссөздерді, кездесулерді, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруға қолдау көрсету;
  • Инвестициялық іс-шараларда өңірді мүддесін қорғау;
  • «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ инвестициялық жобалар мен инвесторлар мәліметтер базасын сүйемелдеу кіреді.

Біздің қызметтеріміз
Инвесторларға, кәсіпкерлерге, жобалардың, идеялардың авторларына, жаңашылдарға, кәсіпкерлік қызметтің дамушы кәсіпорындары мен өзге қатысушыларына арналған.

Инвесторлармен жұмыс:

  • Ақпараттық немесе сервистік қолдау;
  • Инвесторлар үшін тартымды, отандық әріптестер мен жобаларды, өндірістік алаңадарды іздеу;
  • Жергілікті мемлекеттік органдрмен, бизнес субъектілерімен келіссөздер, кездесулер ұйымдастыру;
  • Инвестициялық іс-шаралар өткізу.

Жобалардың бастамашыларымен жұмыс:

  • «KAZNEX INVEST» ЭИҰА» АҚ инвестициялық жобалар ұлттық базасында жобаның паспортын орналастыру;
  • Жобаны іске асыруда ӘКК қатысуы, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ  жарғылық капиталындағы үлесі 49% шектеледі;
  • Шетелдік және отандық әріптестер мен инвесторларды іздеу;
  • Индустриялық аймақтарда кәсіпорындарды орналастыру.

Жобалардың авторлары болып қолданыстағы кәсіпорындар да шыға алады.

Инвестициялық жеңілдіктер