Инвестициялық жеңілдіктер

«Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акцинерлік қоғамы (бұдан әрі –  "Ертіс" ӘКК") Шығыс Қазақстан облысында аймақтық дамудың  институты болып табылады. Біздің орталық жұмысының негізгі мақсаты – кәсіпкерлік  белсенділіктің дамуы  және инвестицияны аймаққа тарту, мемлекеттік-жеке меншік орталығы жолымен аймақтың экономикалық дамуына ықпал ету.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында жобаның жүзеге асуы үшін шетелдік және отандық инвесторлардың іздестіру мақсатында, сонымен қатар ақпараттық  және  сервистік  көмек  көрсету үшін 2013 жылы "Ертiс" ӘКК" құрылымында ықтимал серіктестік  инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды (бұдан әрі - ИҚКО).
Сонымен қатар, осы уақытта шетелдік және отандық инвесторларды тарту үшін Қазақстан Республикасының үкіметімен ынталандыру  ауқымды пакеті әзірленгенін сізге хабарлаймыз. 

2003 жылы 8 қантардағы № 373-II «Инвестициялар туралы» ҚР( 2014 жылы 12 маусымдағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша)  Заңына сәйкес (сілтеме) инвестор ала алады:

1.    Жобаларға (оның ішінде басым инвестициялық жобаларға) арналған артықшылықтар:

  • жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерін, шикізат пен материалдарды шеттен тасымалдау кезінде кедендік баж салығын төлеуден босату; 
  • белгіленген активтерге салынған инвестиция көлемінің 30 пайызынан аспайтын заттай гранттар (жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептегіш техника, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, өндіріс және шаруашылық мүкәммалы).        

 2. Басым инвестициялық жобаларға арналған артықшылықтар*:

  • салықтық жеңілдіктер: корпоративтік табыс салығы – 0% 10 жылға; жер салығы – 0% 10 жылға; мүлік салығы – 0% 8 жылға;
  • инвестициялық демеу қаржылар 30%-ға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдықтарды пайдалануға бергеннен кейін сатып алуға;  
  • заңнама тұрақтылығының кепілдіктері: салықтық және шетелдік жұмыс күшін тарту саласында;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған, инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-әрекет жасайтын уәкілетті органның инвестицияларды мемлекеттік қолдауы;
  • уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдік берілген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға уәкілетті органның жәрдемдесуі. 

 *Басым инвестициялық жобалардың критерийлері:

  • Қызметтің басым түрлері тізбесіне сәйкестігі (Үкімет бекітеді)
  • Инвестиция көлемі 2 миллионнан асатын қайта құрылған заңды тұлға. АЕК (АЕК – республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіш)

  «Инвестициялар туралы» ҚР Заңымен сондай-ақ Инвестициялық омбудсмен институты көзделген, ол:  

  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер жөніндегі инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін ұсыным шығарады, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасай отырып;   
  • туындаған мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді; 
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және шығарады.

.

Инвестициялық преференциялар ұсынуға қатысты барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне хабарласуға болады.