Еншілес және тәуелді компаниялар

«Өскемен әуежайы» АҚ

«Өскемен әуежайы» АҚ Өскемен қ., Бажов к-сі, 566 мекенжайы бойынша орналасқан. 1998 жылғы 28 желтоқсанда ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №1200 «Қазақстан Республикасындағы азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады. «Өскемен әуежайы» АҚ барлық қызметтері халықаралық стандарт бойынша сертификатталған.

«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС

«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС Семей қ., Әуежай мекенжайы бойынша орнласқан. «Табиғи монополиялар және реттеуші нарықтар туралы» заңға сәйкес «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма шешімінің негізінде құрылған. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 2012 жылғы 23 маусымдағы № 3536-1917-27 ЖШС.

«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС аэроайлақты ҚР ККМ ААК  2013 жылғы 25 қарашада №15-СР аэроайлақты тіркеу туралы куәлігінің және ҚР ККМ ААК 2012 жылғы 15 қаңтарда №000024-12 АРД сериясымен берілген аэроайлақтың жарамдылығы туралы сертификат негізінде пайдаланады.

«Жәрдем» ШҚИО» ЖШС

«Жәрдем» ШҚИО» ЖШС Өскемен қ., Қазақстан, 76 көшесі мекенжайы бойынша орналасқан және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Жәрдем» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының барлық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады. «Жәрдем» ЖШС негізгі азық-түлік тауарларының инфляциялық үрдістерін тежеу мақсатында, сонымен қатар жалға сауда орындарын беру үшін құрылған. Серіктестіктің жеке балансы, мөртаңбалары, және бланктері бар. 

«ОблDORкомхоз» ЖШС

«ОблDORкомхоз» ЖШС Өскемен қ. Мызы к-сі 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан (Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ушанов көшесі, 27үй).

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 03 наурыздағы № 480 «Шығыс Қазақстан облысы құрылыс департаменті» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы  «ОблDORкомхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын  «ОблDORкомхоз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құрылымдау туралы» қаулысының негізінде құрылған.

Серіктестіктің негізгі қызмет түрлері:

«Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты» ЖШС

«Ертіс» СОЕӨЗ» ЖШС Серебрянск қ. Некрасов көшесі мекенжайы бойынша орналасқан.

«Ертіс» «Серебрянск органикалық емес өндіріс зауыты» ЖШС Зырян ауданы Серебрянск қаласында қала құраушы кәсіпорын болып табылады, демалу органдарын сақтаудың жеке және ұжымдық құралдарын өндіреді, Қазақстан, Ресей және Украина бойынша тасымалдуларды жүзеге асырады.

«Горархитектура» ЖШС

«Горархитетура» ЖШС Семей қ. Достоевского көшесі 110 мекенжайы бойынша орналасқан. 2008 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы» және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 469 «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысудың мемлекеттік үлесін республикалық меншікке тапсыру туралы» қаулыларын орындау үшін «Горархитектура» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қайта құрылымдау жолымен құрылған.

«Шығыс-Самғау» ЖШС

«Шығыс-Самғау» ЖШС Өскемен қ., Киров к-сі, 35 мекенжайы бойынша орналасқан. Құру туралы шешім «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ  2010 жылғы 26 мамырда №9 хаттамасымен құрылған.

Кәсіпорын келесі мақсаттарға жету үшін құрылған:

  1. Фьючерстік шарттар негізінде шаруа қожалықтарымен ынтымақтастық

  2. Инвестициялық салымдар негізінде жеке, бүгінгі күнге сай жабдықталған көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы.

  3. Көлік, тиеу-түсіру техникасын, логистиканы оңтайландыру үшін бөлшектеу желісін сатып алу.

  4. Жеке фирмалық сауда нүктелерін құру.